Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы Эбола ауруына байланысты төтенше жағдай режимін енгізді, деп жазады Egemen.kz.


Конго мен Угандадағы Эболаның жаңа өршуіне байланысты ДДҰ қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялады.

Конгода эбола вирусынан 65 адам қайтыс болды

Эпицентрге айналған Конго Итури провинциясында 246 адам вирус жұқтырды деген күдікке алынса, 80 адамның өлімі тіркелген. Вирус Уганда астанасына да еніп кеткен. Ондағы зертхана індетке шалдыққан екі жағдай тіркелгенін растаған (біреуі өліммен аяқталды).

Ұйым инфекцияның таралуының нақты ауқымы әлі белгісіз екенін, бірақ жағдай пандемия критерийлеріне әлі сәйкес келмейтінін атап көрсетеді.