Қазақстан президенті Жапония премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичи қарсы алды.

Мемлекет басшысы ертең «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады.