«Арқа өңірінде желтоқсанның басына дейін қар жаумауы — бұрын-соңды болмаған құбылыс», — деді этнограф. Оның болжамынша, еліміздің оңтүстік аймақтарында қар тек желтоқсанның ортасына қарай түседі.

Соңғы күндері құстардың төмен ұша бастауы да ауа райының өзгеретінін аңғартады. Маман қазіргі кезеңді «қытымыр қыс» деп атады. Оның сөзінше, осындай мезгілде қарлы жаңбыр жауып, арты мұзға айналса, жұт әкелуі мүмкін. Бұл мал шаруашылығымен айналысатындар үшін қиын кезең. Себебі қатты мұз — жылқының тебіндеуіне қиындық туғызып, тұяғымен мұзды бұза алмай, малдың қырылуына әкелуі мүмкін. Ал ауыл тұрғындары үшін қардың кеш түсуі белгілі бір жағынан қолайлы: көмір мен ағаш сияқты отын түрлерін түгендеуге асықпайды.

Батырхан Жұмабай, этнограф

- Қыс созылып кеткен уақыт болған. Арқа жерінде қарашадан мамырға дейін қыс созылған уақыттар болған. Қыстың қамын жазда ойла деген жақсы мақал бар еді ғой. Сондықтан қыс ерте өтетін кезде, сауысқан ескі үйлерге кіріп, сақылдай бастайды. Соның бәрін бақылаған ата-бабамыз. Қыстың ұзақ болуын да бақылаған, сол үшін ертерек қамданған. Жылқы жылы жақсы, жұғысты жыл ғой. Қазақ халқы төрт түліктің патшасы деп жылқыны бағалайды. Сондықтан жылқы жылы жайлы болады деп өз басым ойлаймын.