Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы өлі табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызы үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.

"Оны іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды", — деді полиция.

Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget