Елордада қала тазалығын насихаттайтын экологиялық шара ұйымдастырылды.
Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері "Таза Қазақстан" республикалық жобасына қолдау білдіріп, қала тұрғындарына ерекше сый жасады. Өнерпаздар Александр Пушкин, Максим Горький, Антон Чехов және Николай Гоголь кейпіне еніп, тұрғындарға шығармаларын оқып берді. Осылайша қоршаған ортаға деген құрметін көркем сөз арқылы жеткізді.
Ағабек Ербол, қалалық мәдениет басқармасының бас маманы:
- Менің ойымша, қазақстандықтардың, оның ішінде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының мынау қаламызды ұстауы, жалпы осы экологиялық мәдениетті ұстау деңгейі өте жоғары деңгейде деп ойлаймын. Оның ішінде мына Таза Қазақстан акциясы өзінің еңбегінің былайша айтқанда, жемісін беруде. Осындай акциялар жалпы болашақтағы мына сананы өзгертуге, мына айналамызды таза ұстау, адам өзінен бастау деген нәрсені қалыптастырады деп ойлаймын.