Алматы әуежайында қымбат телефондар ұрланған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, 15 қыркүйекте бұрын сотталған 27 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Ол қызметін пайдаланып, қымбат телефон ұрлаумен айналысқан.
"Ұсталған адам әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істеп, мамыр мен шілде аралығында Ыстамбұлдан келетін әйгілі марканың смартфондарын ұрлап отырған. Жалпы 33 телефон ұрланғаны анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы — 7 664 315 теңге. Соталды тергеу барысында залал толық көлемде өтелді", — деді полиция.
Сот үкімі
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!