Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола және бір күміс медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ол жарыстан кейінгі әсері туралы айтты.
"Қазір аяғымда кішігірім жарақат бар. Норвегияда өткен әлем чемпионатында жарақат алған едім. Сондықтан екі жаттығу да мен үшін оңай болған жоқ...
Енді емделіп, әрі қарай дайындыққа кірісемін. Салмақ дәрежелері өзгеруі мүмкін деген ақпарат бар. Сондықтан дұрыс шешім қабылдап, келесі жылы бұдан да жоғары жетістікке жетеміз", — деді Едіге Емберді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!