Семейде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында халықаралық «Шексіз мүмкіндіктер » хакатоны өтуде.

Оған 500-ден астам қатысушы жиналды. Шараның басты мақсаты — ерекше жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасап, инклюзивті білім беру мәдениетін қоғамда кеңінен насихаттау. Өңірде алғаш рет өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қырғызстан мен Ресейден келген студенттер қатысып, инновациялық жобаларын ұсынды. Қатысушылар командалық форматта жұмыс істеп, қоғамға пайдалы жобалар әзірлейді. Іс-шараға білім және кәсіпкерлік саласындағы жетекші сарапшылар қатысуда. Байқау екі күнге жалғасады. Студенттер өзара тәжірибе алмасып, идеяларын ортаға салады. Жоба соңында үздік командалар марапатталады.

Ақмарал Сыдықова, Алматы қаласынан келген қатысушы:

- «Сен де бір кірпші дүниеге, кетігін тап та бар қалан» дейді. Енді бізде ерекше қажеттіліктері бар балалар өмірде өз орнын табу үшін осындай Хакатон сияқты жарыстар ол балаларға үлкен өмірге жол ашады. Біз бұл жерге дайын жобамен келмейміз. Хакатон уордскилс сияқты. Тапсырма беріледі, сол тапсырмаға сай негізгі уақыт беріледі.