Отандық лоукостер қысқы маусымда тікелей рейсті аптасына екі күн жасайды.
FlyArystan әуе компаниясы 1 желтоқсаннан бастап қысқы маусымда Астана – Үрімжі – Астана бағыты бойынша тікелей рейстерді жалғастырады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Рейстер 2026 жылғы 23 наурызға дейін, аптасына екі рет: Астанадан Үрімжіге – дүйсенбі және сенбі күндері, кері бағыттағы рейстер – сейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Еске салайық, Астана – Үрімжі бағыты бойынша алғашқы рейс 2023 жылғы 21 қыркүйекте орындалған болатын. Бұл – FlyArystan әуе компаниясының Қытайға әуе қатынасының алғашқы рейсі болды.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт жолаушылар арасында тұрақты сұранысқа ие, ал Қазақстан мен Қытай арасындағы қолданыстағы визасыз режим туристік және іскерлік сапарлардың өсуіне ықпал етеді.
Оқи отырыңыз:
 Үрімжіде Қазақстанның сауда өкілдігі қашан ашылатыны белгілі болды Үрімжіде Қазақстанның сауда өкілдігі қашан ашылатыны белгілі болды
 Алматыдан Қытайдың Құлжа қаласына тікелей әуе рейсі іске қосылды Алматыдан Қытайдың Құлжа қаласына тікелей әуе рейсі іске қосылды
 
                        