FlyArystan өзінің 7 жылдық мерейтойына орай мерекелік сатылым жариялады.


Науқан аясындағы билеттер бойынша сапар кезеңі – 2026 жылғы 8 қыркүйектен 21 қазанға дейінгі күзгі маусымды қамтиды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 және 6 мамыр күндері әуекомпанияның барлық ішкі бағыттар желісі бойынша, сондай-ақ бірқатар танымал халықаралық бағыттардың әуебилеттеріне 20% жеңілдік ұсынады:

  • Астанадан – Газипашаға, Үрімші, Кутаиси және Ташкентке;
  • Алматыдан – Газипашаға, Самарқанға және Кутаисиге;
  • Ақтаудан – Кутаиси және Бакуге;
  • Атыраудан – Кутаисиге.

Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді баға мен бағыттың оңтайлы үйлесімін таңдауға мүмкіндік береді.

Мерекелік сатылым FlyArystan әуекомпаниясының сапарды алдын ала жоспарлау мәдениетін қалыптастыру арқылы әуе қатынасын жолаушылар үшін барынша қолжетімді әрі болжамды етудегі ұстанымын көрсетеді. Компания құрылған сәттен бастап билеттердің 40%-ы 20 000 теңгеге дейінгі бағада сатылған, бұл лоукост-моделіне деген тұрақты сұранысты айқын дәлелдейді.

Айта кетейік, стандартты тарифке өлшемі 56×23×36 см-ден және салмағы 7 келіден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді. Әуекомпаниясы қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынып отыр.