Қарағанды-Астана тасжолында Toyota Estima көлігі КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

"Toyota Estima көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарағандыға кетіп бара жатып, алдында келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Estima жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", — деді Қарағанды облысы ПД өкілі.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget