Елге Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келді. Екі күндік іссапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Ал Конго Демократиялық Республикасының жаһандық аренадағы рөлі қандай? Бұл қандай ел? Несімен ерекше? Мемлекет экономикалық әлеуеті қандай?

Конго Демократиялық Республикасы – Африканың қақ ортасында орналасқан ел. Ресми түрде өткен ғасырдың 60-шы жылдары Бельгия отарлығынан босап, тәуелсіздігін жариялаған.

Бірақ кейін саяси дағдарыстар мен әскери төңкерістер болып, біраз жылдар оның дамуын тежеді. Қазір аумағы екі миллион үш жүз мың шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл – бүкіл Батыс Еуропамен шамалас. Ал халқы жүз миллионнан асады.

Африкада жалпы екі Конго бар. Бірі – осы Конго Демократиялық Республикасы болса екіншісі Конго Республикасы. Екеуінің астанасы Киншасса мен Браззавиль жер шарындағы бір-біріне ең жақын орналасқан шаһарлар.

Олар бір өзен бойында бой көтерген. Былтыр Конго Демократиялық Республикасының шығысында қарулы қақтығыс өршіп, қауіпсіздікке қатысты мәселелер туындаған еді. Бірақ қазір жағдай тұрақталған.

Кэндзи Окамура, Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары:

- 2024 жылғы қарулы қақтығыс әлеуметтік және экономикалық шығындарға әкелді. Бірақ қазір ахуал өзгерді. Өндірісте айтарлықтай өсім бар. Тау-кен саласының арқасында инфляция төмендеді. Үкіметтің жаңа саясаты экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.

Жалпы Коного демокартиялық республикасы пайддалы қазбюаға бай ел. Әлемдегі ең үлкен мыс кен орындарының бірі осы елде орналасқан. Заманауи смартфондар мен компьютерлер үшін таптырмас шикізат кобальт қорының 70 пайызы осында. Сондай-ақ алтын, алмас пен уран да мол. Бұл мемлекет әсем табиғатымен де тартымды.

Африкадағы ең ұзын өзен Конго осы елдің жерімен ағады. Республика қара құрлықтың музыка орталығы саналатын әлемге румба биімен танымал. Ол бүгінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген.