Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Үлгілі ауыл» байқауы өтіп жатыр.
Соңғы төрт жылда бесінші рет ұйымдастырылған сайысқа өңірдегі 32 ауылдық округ пен 7 аудан орталығы қатысуда. Аталған елді мекендерде атқарылған абаттандыру жұмыстарын тәуелсіз комиссия бағалайды. Сонымен қатар даму көрсеткіштері де ескеріледі. Жеңімпаздарға көше тазалығына қажетті түрлі коммуналдық техникалар үлестірілмек. Сонымен қатар 7 ауылға 15 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы беріледі.
Ғалымжан Еркебай, Табиғи ресурстар және ТПР басқармасының басшысы:
- Бірінші орынға 3 техника, екінші орынға 2 техника, үшінші орынға 1 техника үлестіріледі. Енді біреуіне трактор беріледі, біреуіне басқа қажеттілігіне қарай беріледі. Аталған техникалар сол ауылдың көркеюіне, көгалдандырылуына өз септігін тигізетін болады.