Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды .
Ол аяқталған соң далалық санақ жұмыстары басталады. Бұл туралы вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Бүгінде Sanaq.gov.kz платформасында 236 мыңнан аса ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелген. Оның 226 мыңнан астамы тиісті сауалнамадан өткен. Оның 75 пайызы жалпы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тиесілі. Ал дауыс берген жеке қосалқы шаруашылықтардың саны 278 мыңға жуықтайды. Бұл тұста Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстары жоғары белсенділік танытқан. Ал Түркістан мен Қарағанды аймақтары және республикалық маңызы бар қалалардың сауалнамаға қатысу қарқыны төмен. Санақтың онлайн кезеңі аяқталған соң, далалық санақ жұмыстары басталады. Бұл кезеңде мамандар үй-үйді аралап, жеке сұхбат форматында тиісті мәліметтерді жинайды.
236,9 мың ауыл шаруашылығы құрылымы – 226,2 мың сауалнамадан өткен – 75,4% жалпы ауыл шаруашылығы өндірушілері.
277,9 мың – жеке қосалқы шаруашылықтар сауалнамадан өткен.