Шығыстағы Риддер қаласы қысқа толық дайын. Соңғы үш жылда шаһардың жылу жүйесін жөндеуге үкіметтен үлкен қолдау көрсетілді. Тек қазандықтарды жөндеуге 12 миллиард, ал жылу желілерін жөндеуге 7 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде қазір қаладағы 3 мыңнан астам нысан орталық жылуға қосылған. Биыл отын сатып алуға да қаржы бөлінді . Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала әкіміне және энергетика мен Тұрғын үй шаруашылығы басқармасына жылыту маусымына толық дайындықты әлі де пысықтап, барлық жөндеу жұмыстарының дер кезінде аяқталуын және бөлінген қаражаттың уақытында толық игерлуін міндеттеді.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Көріп отырсыздар соңғы үш жылда үкімет тарапынан өте үлкен қолдаулар болды. Мына қазандықтарды жөндеуге 12 миллиард теңге бөлінді. Жылу желілерін жөндеуге 7 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде қазандықтардың тозуы 75 пайыздан 43 пайызға дейін төмендетілді. Жылу желілерінің тозығын 82 пайыздан 54 пайызға дейін төмендетіп жатырмыз. Бұл жұмыс жылдан жылға жалғасатын болады.
Олжас Керейхан