Қызылорда алғаш рет бокс клубы ашылды. Екі қабатты ғимарат осыдан 10 жыл бұрын бой көтерді және спорт кешені ретінде қызмет етті. Бірақ бұл ғимарат жекенің қолына өтіп кетті. Ұзақ уақыт жекеменшікте болды. Енді қазір облыстық әкімдік бар, басқа да осы салаға жауапты мамандар бар, солардың күшімен, солардың бастамасымен мемлекет меншігіне қайтарылды және бұдан былай бокс клубы ретінде, яғни дәл осы боксқа арналған, бір спорттық
бағытқа арналған клуб ретінде қызмет етеді. Жаңа клубтың эмблемасы төрге ілінген және бұнда қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.