Қарағандыда 40 жастағы ер адам бір сағаттан аса уақыт бойы туыстары мен көршілерін қорқытып, өзін және көпқабатты пәтерді өртеп жіберемін деп қауіп төндірген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдай Пришахтинск қаласында болды. Ер адам бензин бөтелкесін қолына ұстап, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Куәгерлердің айтуынша, ол туыстарының ескертулеріне пысқырмаған. Отбасы полиция шақыруға мәжбүр болды, оқиға орнына жедел қызметтер келді. Үй тұрғындары, оның ішінде балалары бар отбасылар эвакуацияланып, болып жатқан оқиғаны алыстан бақылаған.
Полиция мен құтқарушылар келгеннен кейін де ер адам айғайлап, қорқытып, құқық қорғаушыларға тиіскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)
Жағдай өте қауіпті болған кезде арнайы жасақ араласты. Үшінші қабаттағы балкон арқылы кіру арқылы олар ер адамды бейтараптандырып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
"Оқыс жағдай бола жаздады. Ер адам әкесімен сөзге келіп, бесқабатты үйдің балконына шығып, өзін және пәтерді өртеп жіберемін деп мәлімдеді. Арнайы жасақ қызметкерлерінің арқасында оқиғаның алдын алуға мүмкіндік болды", — деп хабарлады өңір полициясының баспасөз қызметі.
Тәртіп бұзушы ұсталғаннан кейін тұрғындар өз пәтерлеріне оралды. Ер адам психоневрологиялық диспансерге жеткізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!