Испанияда 5 мыңдай адам үйіне орала алмай отыр.

Елде өрт ауа жайылып, мыңдаған гектар орманды сиретіп тастады. Аймақта күн де шекеден өтіп тұр. Кей жерде сынап бағанасы +42 градусқа жеткен. Бұл Еуропа үшін аномалиялы жағдай. Қазірдің өзінде бес аумақта өрт сөндіріліп жатыр. Күннің ыстығынан бөлек жел де ұйытқып отты өршітіп жатыр. Билік қолда бар ресурсты осы өртпен күреске жұмылдырды. Бірақ қызыл жалын бой берер емес.