Қызылорда облысында 7 миллиард теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады , деп хабарлайды 24kz.

Құрылыс жұмыстары елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асады. Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар пайда болады. Бұл нысандарда инсульт орталығы мен рентген-хирургия бөлімшесі ашылып, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталады. Мұндай шара ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғынды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтиды.