Ерлі-зайыпты отасқанына 16 жыл толуына орай дастархан жасап, ішімдікпен атап өткен, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Дастархан басында олар сөзге келіп қалып, әйел көсеумен күйеуінің басынан және денесінен ұрған. Жәбірленуші жарақат салдарынан ауруханаға жеткізілді.

Сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласы барын ескере отырып, жаза шартты түрде белгіленді. Әйел Затон аудандық пробация қызметінің бақылауына алынды.

"Сотталушыға жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді, сонымен қатар жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Ол жергілікті жеке кәсіпкердің біріне жұмысқа қабылданды", – деп мәлімдеді аудандық пробация қызметінің басшысы Ерлан Қыдырманов.