Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бүгін күтпеген жағдай болды. Перизат Қайраттың ісін қараған судья Сабыржан Каримов БАҚ өкілдерін залдан шығарып жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Соттың түсіндіруінше, іс барысында банк құпиялары мен басқа да жабық мәліметтер жарияланатын болғандықтан, журналистерді қайта-қайта шығарып отыруға тура келер еді. Ал сот мұны «ұзақ әрі ыңғайсыз» деп тауып, бірден бәрін залдан қуды.
Осылайша қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істі енді тек монитордан ғана бақылаймыз.