АҚШ-тың Техас штатында тасқын салдарынан опат болғандар саны 78-ге жетті, деп хабарлайды 24kz.
Олардың 28-і бала. Тағы 41 адам жоғалып кетті. Қаза болғандардың дені қыздарға арналған жазғы лагерьге демалуға барған балалар. Қазір аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Толассыз жауған нөсер салдарынан Гваделупе өзені ернеуінен асты. Тасыған су жолдарды шайып кетті. Телефон желілері істемей тұр. Штаттың бірқатар округінде төтенше жағдай жарияланды.