Қазақстанда Парламент депутаттары каникулға шықты. Келесі сессия қыркүйек айында басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылғы 30 маусымда, дүйсенбі күні Парламент палаталарының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады.

Қазіргі Мәжіліс құрамы 2023 жылғы наурызда сайланған болатын. Ал Сенат сайлауы сол жылдың желтоқсанында өтті.

Қазақстан заңына сәйкес, Мәжіліс депутаттары 5 жыл мерзімге, ал Сенат депутаттары 6 жылға сайланады. Сенаттың сайланбалы депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланып отырады.