Мамандыққа байланысты талап салалық министрлік басшыларына ғана қатысты.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан вице-президентке қойылатын талаптар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпы вице-президент бола ма, президент бола ма немесе жалпы басқаруға қатысты республикалық маңызы бар басқа да бірінші тұлғалар оларға нақты бір мамандығына байланысты талап қойылмайды. Мамандыққа байланысты талап тек қана профильді салаларға қойылады. Мысалы, Әділет министрі заңгер болуы керек. Ал вице-президентке мамандығына байланысты талап қойылмайды. Ол экономист те болуы мүмкін", – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.
Оның айтуынша, жасына байланысты заң жобасындағы нұсқа сақталды.
Журналистер "Вице-президент әйел адам болуы мүмкін бе?" деп нақтылады. Мәжілісмен "әбден мүмкін" деп қысқа жауап берді.
Абзал Құспан вице-президенттікке үміткер ретінде кімді көретінін айта алмады.