Алматы тұрғындары "Нұрлы Тау" бизнес орталығы аумағында "өрт" сөндірілген сәттің куәгері болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ондаған өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тағы бір видеода тікұшақтан арқан түскенін көруге болады, сол арқылы ғимараттың төбесінен екі адам көтерілген.

Бұған дейін Алматы ТЖД халықты 17-30 маусым аралығында "Орион" ТК аумағында 1 шілдеге жоспарланған ТЖД ауқымды тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларына дайындық жүретінін хабардар еткен болатын. Бұл жаттығуларға қаланың барлық шұғыл қызмет бөлімшелері, соның ішінде өрт сөндіру есептері қатысады.

"Техниканы ол жерге орналастыру — жоспарлы жаттығудың бір бөлігі. Бұл кезде бөлімшелер техникалық дайындықтан өтеді.Мұндай жаттығулар нақты төтенше жағдай кезінде барлық қызметтің үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі үшін өткізіледі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз", — деді ТЖД өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget