Қарағанды облысының полицейлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр, деп хабарлайды 24KZ. Олар бір апта бойы қоғамдық орындарда түрлі мәселелер бойынша қала тұрғындарына кеңес береді. Атап айтқанда, көлікті тіркеу, есептен шығару және техникаға қосалқы қондырғылар орнатуға қатысты.

Сонымен қатар интернет-алаяқтыққа қатысты сауалдар да туындап жатыр. Полиция қызметкерлері апталық аясында 800 адамға кеңес берді. Тәртіп сақшылары вандализм, қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айту, темекі тұқылын тастау сияқты заңсыздықтар бойынша айыппұл салынатынын ескертті. «Мұндай іс-шаралар қоғамдық тәртіпті сақтауға септігін тигізеді», – дейді қала тұрғындары.