«Қазақстан теміржолы» Алматы-2 теміржол вокзалына тоқтаған поезда улану дерегі бойынша таралған ақпаратқа еш қатысы жоқтығын хабарлады.

Аталған дерек «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамына жатпайтынын, жеке тасымалдауға қатысты тіркелгенін жеткізді. Вагондар түсірілім жұмыстарын жүргізу үшін киностудияға берілген. Болған жағдайға байланысты қазір тиісті мекемелер тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.