Түркістан облысы Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылып, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлері аулаларды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп жатыр. Сондай-ақ, жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбаттасып жатыр", — деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр.

"Барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жалғасып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", — деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget