Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексеріп, сондай-ақ жоғары бағаларға шағым түсіре алады.

- 2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл пациенттерді жалғаннан қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді. Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталды. Тексерулер Бас прокуратурамен бірлесіп басталды, – делінген ДСМ таратқан хабарламада.

Министрлік фармсектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өскенін хабарлады.