Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Еліміздегі инфляция 2026 жылғы сәуір айында 10,6% (2026 жылғы наурызда – 11%), бір айда – 0,8% құрады (өткен айда – 0,6%), деп жазады inbusiness.kz сайты.
Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 11,3% (2026 жылғы наурызда – 11,7%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2026 жылғы наурызда – 11,3%), ақылы қызметтерге– 8,9% (2026 жылғы наурызда – 10%) өсті.
Бір айда азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағалар деңгейі 0,9%, азық-түлік тауарлары – 0,7% өсті.
Бұған дейін сәуір айында теңге бағамы 1 АҚШ доллары 463,09 теңгеге дейін, яғни 3,1% нығайғанын жазған болатынбыз.