Астанада сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам қамауға алынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, қонақтардың назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеосы анықталған.

Жедел іздестіру барысында 26 жастағы күдікті анықталған.

"Қоғамдық тәртіпті сақтамаған ер адам ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды", — деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget