"Ақтөбе" футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Кеше QJ league турнирінде ойнайтын "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", — деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от FC Aktobe Jastar (@fcaktobe_youth)
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз