Газада атысты тоқтату туралы келісім бүгіннен бастап күшіне енді. Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы хабарлады.

Мысыр, Қатар, Түркия және АҚШ-тың арағайындығымен жасалған мәміле Израиль әскерін кезең-кезеңімен шығару, тұтқындар алмасу және гуманитарлық көмек жеткізу мәселелерін қамтиды. Келісім аясында ХАМАС 72 сағат ішінде барлық израильдік тұтқындарды босатуға тиіс. Өз кезегінде Израиль тарапы 1700 палестиналықты, оның ішінде өмір бойына сотталған 250 адамды босатады. Атыс тоқтағанымен бейбітшілік орнады деп айтуға әлі ерте. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынған бейбітшілік жоспарының келесі кезеңдері әлі талқылану үстінде.