Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 қыркүйекте алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарламалар келді. Алайда қалада дабыл қосылған жоқ, ТЖД тұрғындарға сабыр сақтауды және "сейсмологтардан жер сілкінісі туралы ақпарат түспегенін" ескертті.
ТЖД не дейді?
Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісі 21 қыркүйек сағат 16:25:19 Астана уақыты бойынша тіркелген. Жер асты толқындарының магнитудасы 3,8 болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа 9 шақырым қашықта орналасқан.
ТЖД мәліметінше, Алматыда сілкініс сезілмеді. 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың құрылғылары Mass Alert жүйесінің автомат түрде іске қосылғанын тіркеген.
Ведомство тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!