Ерболат Досаев Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, биыл 24 мамырда Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Ерболат Досаев туралы не белгілі?

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техника университетін тәмамдады.

Қызмет жолы:

  • 1997 ж. – "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ басқарма төрағасы;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
  • 2000 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;
  • 2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
  • 2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі;
  • 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
  • 2006-2012 жж. — "Қазинвестбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі болды.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болды.
  • 2014 жылғы 6 тамызда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
  • 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы.
  • 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget