Танымал әнші Серік Ибрагимов Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында кино түсіру жайлы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші қазақ киносы дамып, бәсеклестік көбейіп келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл — қуанарлық жағдай.
"Мен миллиардер боламын, кино түсіремін" деп бизнес ретінде қарайтын болсаң ол ұзаққа бармайды. Халыққа ұнауы да қиындау болады. Ал бірдеңе беремін деп бастайтын жандар болса, ол ұзаққа барады деп ойлаймын. Ел боламын десең бесігіңді түзе дегендей, қазір экранды да түзеу керек болып тұр. Атың шықпаса, жер өртемен көтеріліп жатқан қаншама дүние бар. Кино да тәрбие құралы", — дейді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!