Танымал әнші Жеңіс Ысқақова тосынсыйға таңғалып жылап қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің жақындары өзіне айтпай, 60 жас мерейтойын жасап берген.
"Біз Жеңіс әпкені алдап шақырдық. Қуаныштың көз жасы", — деп жазылған жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ZHENIS ISKAKOVA (@zhenisiskakova)
"60 жас — өмірдің ең бір көркем кезеңі! Бүгін мен үшін ерекше күн. Алла берген ғұмырыма шүкір айтып, жанымда бар жақындарыма алғыс білдіремін", — деп жазды әншінің өзі.
Айта кетейік, Жеңіс Ысқақова — танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Оның өнердегі жолы 80-жылдардан басталған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!