Түркістан облысында полицейлер заңсыз көші-қон арнасын әшкереледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел тергеу нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленген. Топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің "қызметі" үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған.

"Тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электрон тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", — деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget