Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін 9-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша жасөспірімдер арасындағы төбелес мектеп әжетханасында болған. Сыныптасы баланы кеудесінен ұрғаны айтылады. Бұл соққы өлімге әкеп соққан.

Полиция пікірі

Жамбыл облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget