Еліміз шетелде білім алып жатқан студенттер саны бойынша әлемдегі алғашқы 15 елдің қатарына кірді. Бұл қауіп пе әлде мүмкіндік пе? Шетелде алған білім сенімді инвестиция бола алады ма? Бұл сұрақтарға бізбен тікелей байланысқа қосылған маман жауап беруге дайын.
1. Отандық жастарға шетелге шықпай-ақ озық білім алуға мүмкіндік жасалып жатыр. 40-қа жуық шет ел университеті ашылды. Бірақ сонда да жастар, әсіресе, оқуда озат оқушылар шетелде білім алуды қалайды. Шетелдегі білімнің барлығы сапалы ма? Ертең алған біліміңді елде дәлелдеп жүрмеу үшін неге мән берген жөн?
2. Шелелде білім алып келген жас ертең отандық нарығында өз орнын таба алады ма? Әлде шет ел білімі жетістіктің кілті ме?
3. Шетелде білім алған жастар елге оралу үшін қандай жағдай жасау керек? Нені ескеру керек?
4. Отандық жоғары оқу орындары әлемдік білім ордаларымен терзесі тең болу үшін, яғни, бәсекеге қабілетті болу үшін не керек деп ойлайсыз?
Спикер: Жұмажан Жүкенов, білім саласының ардагері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Республикалық Ардагерлер кенесінің мүшесі, ҚР «Құрмет» және «Парасат» ордендердің иегері.