Елордада VIII Astana Finance Days форумы өтеді.

Astana International Forum қолдауымен 4-5 қыркүйекте өтетін халықаралық жиынға "Болашақтың негізін қалайтын капитал" тақырыбы арқау болмақ. Биылғы басқосуға 70-тен астам елден 5 мыңнан аса қатысушы келеді. Олардың қатарында брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторлар бар. Тағы қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сала өкілдері атсалысады. Форумның басты спикерлерінің бірі әйгілі футуролог, кәсіпкер және бірнеше әлемдік бестселлер авторы Бретт Кинг болмақ.