Бүгін Астанада бір мезетте 400 мұғалім Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады. Әдемі көрініс елордадағы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты педагогтер форумында болды.
Форумда елордалық мектеп оқушылары хакімнің өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. Сондай-ақ домбырамен нақышына келтіріп Абай әндерін орындады. Қатысушылардың жалпы саны 20 мыңнан асады.
Елдос Есенбол