Астананың Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы шеңберінде инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелері қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сол орайда 7 тамыз – 1 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Қала әкімдігінің ресми сайтының мәдімдеуінше көлік қозғалысы сызбада көрсетілген бағытпен ұйымдастырылады:

елорда әкімдігіХабарламада тұрғындар мен қонақтар қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екені айтылған.