Өскеменде төтенше жағдайлар қызметінің иісшіл иттері сынақ тапсырды.

Емтихан оңай болмады. Иттер иесінің бұйрығын тыңдап, жедел әрекет етіп, ептілігін көрсетуі керек. Сценарий бойынша, 5 мың шаршы метр аумақтағы қиранды астында қалып қойған адамды іздеді. Одан соң орман мен құз жартастың ішінде адасқан туристі табу міндеті қойылды. Өңірдегі құтқару жасағының сенімді мүшесіне айналған жануарлар кезекті сыннан сүрінбей өтті.

Наталья Дрожжина, облыстық ТЖД кинологиялық бөлімінің басшысы:

- Жалпы бізде 6 құтқарушы ит бар. Олардың екеуі күзгі сынақтан өтіп қойған. Енді міне қалған төртеуі де сәтті тапсырып шықты. Егер емтиханнан сүрінген жағдайда екінші мүмкіндік беріледі. Одан кейін өтпей жатса, оның себебін анықтап кешенді зерттеу жүргіземіз.