Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылды, оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, 7 мамырда сағат 20:30 шамасында Қарбышев көшесінде орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінде оқыс оқиға болған. Оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам болған, оның ішінде төртеуі — кәмелетке толмаған жасөспірім.

"Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексерісінен өтті. Ауыр жарақат тіркелген жоқ", — деп жазылған хабарламада.

Қазір зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағанын мойындаған, соның салдарынан көпірге зақым келген. Қазір көпір жабық", — деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ