«Жұмысшы жастар аманаты». «AMANAT» партиясының қолдауымен тағы бір жоба басталды. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Бастама аясында қоғам игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген жастарға қолдау көрсетілмек. Ерлан Қошановтың айтуынша, дарынды көшбасшыларды дәл осы жұмысшы жастардың арасынан іздеудің маңызы зор. Оларды партияның кадрлық резервіне қосу, мемлекеттік қызметте өсуіне көмектесу, депутаттық корпусқа және түрлі саладағы басшылық лауазымдарға ұсыну қажет. Биыл жастар лагеріне 200-ге жуық жұмысшы мамандық өкілдері қатысып жатыр. Олардың арасында инженерлер, кеншілер мен металлургтер бар.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

«AMANAT» партиясы «Жұмысшы жастар аманаты» деген жаңа жобаны бастайын деп отыр. Мақсаты – жұмысшы жастардың әлеуметтік мәселесін шешуге ықпал ету. Аз сөйлеп, көп іс тыныдыратын да осы біздің жұмысшы жастарымыз. Сондықтан біз тікелей жұмысшы жастармен жұмыс істеуіміз керек.

Асылбек Данияр