Кішкентай сәбидің жүрегі ананың құрсағында жатқанда-ақ соға бастайды. Жүктіліктің 5-ші аптасында лүпілдеп белгі береді. Адам болып өмірге келген әрбір тіршілік иесі тәрізді нәресте де біртін-біртін күш жинап, өсе бастайды. Жас ағзаның жетілуі тез. Баланың кішкентай жүрегі де үлкендерге қарғанда жылдамырақ соғады.

Бірақ бала ауырмай тұрмайды. Бүгін ауырады, ертең аттай шауып кетеді. Бірақ туабітті жүрек ақаулары бар сәбилер үшін операция жасау қажет. Астанадағы Балалар кардиохирургиялық орталығы осындай балалардың жүрек ақауларын емдейді.