ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу өтеді. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, 17 маусымда Астанада Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен "Орталық Азия – Қытай" екінші саммиті өтетіні атап өтілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!