Еуропадағы ең биік әрі ең белсенді жанартау – Этна атқылай бастады. Ол Италияның Сицилия аралында орналасқан.

Жанартаудан атқылаған күлдің биіктігі 6,5 шақырымға дейін жеткен. Осыған байланысты жергілікті әуежайларға ескерту жасалды. Билік: «Маңайдағы тұрғындар үшін қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді. Бірақ алдағы уақытта жанартау белсенділігі артуы мүмкін екенін ескертеді. Соңғы рет Этна сәуірде оянған еді.