Президент пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы келіссөз жүргізді.
"Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Екі жақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көп қырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал Джорджа Мелони халықаралық байланыста бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік барын атап өтті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сіздің бұл сапарыңыз – екі жақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екі жақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көп қырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз.
Джорджа Мелони, Италия Премьер-министрі:
– Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар.